Date of publication: 31.08.2016 19:11
Date of changing: 31.08.2016 19:13

Мемлекеттік кірістер органдарының мекемесіндегі жемқорлыққа

қарсы әрекеттер туралы мақаласы

Жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі, мына шараларды өзіне қосады, ол келесі сұрақтарды шешуге бағытталған: жемқорлыққа қарсы сұрақтарды  мемлекет аралық достастық көлемінде  дамыту, жемқорлыққа қарсы мәдениетті  қалыптастыру, соттық және құқық қорғау органдарында  жемқорлықты ескерту, қоғамдық бақылау институтын енгізу, мемлекеттік қызметте жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер.

Жүргізілген осы мемлекеттік саясаттың нәтижесінде мемлекеттік органдарының және олардың қызметкерлері жемқорлықты қабылдау деңгейі өзгерді.   Стратегиялық шешімдер бастамасына жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі қоғамның әлеуметтік құбылысы ретінде қойылды деп, республиканың мемлекеттік кірістер мекемесіне қатысты айтуымызға болады.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 34 бөлімінде  әкімшілік құқық бұзушылық белгіленген, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 15 бөлімінде, жемқорлыққа қарсы  мемлекеттік басқару және басқа да қылмыстық құқық, мемлекеттік қызметтің мүддесіне қарсы іс-әрекет жайлы жазылған. Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін  «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңында тәртіптік жемқорлық құқық бұзушылық тәртіптік әрекет болып табылады.  Оның үстіне мемлекетте жемқорлыққа қарсы тұру үшін, оны алдын алу және жоюға  барлық заңдық шаралар  қарастырылған.

Жемқорлықты алдын алу шаралары  Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында да жүргізіледі, сондықтан мемлекеттік қызметтер көрсетілген жағдайда алдымызға қойылатын басты талап,  бұл – қаланың бизнес субьектілерін және  азаматтардың ақпараттандырылуын көтеру.

Бұл үшін тұрақты тұрғыда кеңейтілген және жаппай қазіргі салық және кеден заңнаманы  түсіндірме жұмысы жүргізілудес, сонымен қатар бізбен жүргізілетін жұмыстың нәтижесі,  жыл басынан бері 36 іс-шара жүргізілді: кездесулер, дөңгелек үстел отырысы, лекция, семинар-жиналыстар, брифингтер және басқа да 1922  адам қатысқан  іс-шаралар. Әр бейсенбі сайын «Түсіндірме кеңес күні» жүргізіледі, салық төлеушілердің барлық  дәрежесіне салық және кеден заңнаманың сұрақтарымен,  заңсыз кәсіпкерлікті  іске асыруды болдырмау, жалған кәсіпкерлік пен заңсыз банкроттылық  сияқты және де оларды қызықтыратын басқа да сұрақтарды түсіндіру жұмыстары өткізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдарында барлығы 577 хабарлама және мақала жазылды. 

Қызмет алушылармен жүздесуді азайту мақсатында, электрондық тұрғыда қызмет көрсету үшін түсіндірме  жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін басқармада  «Салық төлеушінің терминалы» жұмыс жасайды.

Сонымен қатар тұрақты түрде жұмыскерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жоғарылату мақсатына өз жұмысына немқұрайлы қарау және қызметте заңға қайшы келетін іс-әрекеттерді болдырмау, қызметтік этиканы қатаң ұстану, патриотизм мен ұстамдылық, профессионализм мен шыншылдық, қараусыздық пен мәдениеттілік түсіндірме жұмыспен қатар, әнгімелесу жұмыстары да жүргізіледі.

Сонымен қатар Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында мамандармен жемқорлық іс-әрекеттерірдің белгілерін көрсеткен жағдайда салықтөлеушілер 28-85-36 сенім телефонына хабарласа алады.