Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен кеден өкілдерінің назарына

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен «көлік құралдарына арналған кедендік декларация» (автокөлік құралдары бөлігінде) (бұдан әрі – КҚКД) және жолаушылар кедендік декларациясы» (бұдан әрі - ЖКД) модульдерін «Астана – 1» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «АСТАНА – 1» АЖ), декларанттарға КҚКД (автокөлік құралдары бөлігінде) және ЖКД дербес беру мүмкіндігіне рұқсат беру бөлігінде жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілді.

Украинадан шығарылатын және ЕАЭО-ға импортталатын коррозияға төзімді (тот баспайтын) болаттан жасалған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы баждың қолданысын ұзарту туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 07 қыркүйектегі № 110 шешімімен «Украинадан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін коррозияға төзімді тот баспайтын болаттан жасалған жіксіз құбырларға қатысты демпинге қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 6 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылуы 2026 жылдың 6 қыркүйегіне дейін ұзартылады.

ЕЭК Алқасының шешімі 2021 жылғы 09 қазаннан бастап күшіне енді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Қазіргі таңда Қазақстан сыбайлас жемқорлықтан бос қазіргі заманғы және құқықтық мемлекеттің үлгісін құрайды.
 «Қазақстан-2050» стратегиясы:  құрылған елдің саяси бағыты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселе бойынша елдің  бағытын белгілейді және алдағы жылға сыбайлас жемқорлықтың базалық векторларын, сонымен қатар оны құбылыс ретінде жоюды анықтайды.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің 2.12-бөліміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 04.10.2021 ж. № 133 «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің 2.12-бөліміне өзгерістер енгізу туралы» шешімін танысу үшін орналастырады.

Беларусь Республикасынан құбыр өнімдерінің экспортын лицензиялау туралы

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Беларусь Республикасының 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2022 жылғы 1 сәуірге дейін біржақты тәртіппен экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде ЕАЭО СЭҚ ТН 7306 61 кодымен сыныпталатын құбыр өнімінің Беларусь Республикасынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге экспортын лицензиялау енгізілгенін хабарлайды.

Көрсетілген рұқсат беру тәртібі «Құбыр өнімдерінің экспортын лицензиялау туралы» Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 526 қаулысымен енгізілген.

СЭҚ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!!!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 1093, сондай-ақ 2018 жылғы 7 қарашадағы № 979 бұйрықтарымен Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Яғни, жоғарыда көрсетілген бұйрықтарға сәйкес Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы 105330 «Жер қойнауын пайдаланушылардың басқа түсімдері» бюджеттік сыныптау кодымен (бұдан әрі - БСК) толықтырылды.

Мұздатылған майшабақ уылдырығын жіктелуі туралы

ЕЭК Алқасының 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 116 «Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес мұздатылған майшабақ уылдырығын жіктелуі туралы» шешімі 2021 жылғы 16 қазанда күшіне енді.

Мұздатылған майшабақ уылдырығын Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 0303 91 қосалқы позициясында жіктеледі.

                                      

ЕАЭО бірыңғай СЭҚ ТН-на сәйкес натрий гиалуронаты негізіндегі офтольмологиялық тұтқыр серпімді ерітіндінің жіктелуі туралы

ЕЭК Алқасының 2021 жылғы 07 қыркүйектегі № 111 «Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес натрий гиалуронатының офтольмологиялық тұтқыр серпімді ерітіндіні жіктеу туралы» шешімі 2021 жылғы 10 қазанда күшіне енді.

Офтольмологиялық тұтқыр серпімді ерітінді Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 3824 99 640 0 кіші қосалқы позициясында жіктеледі.
 

Тарифтік реттеу басқармасы

АСТАНА-1 АЖ іске асыру туралы

2018 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 597 бұйрығымен «тауарлар экспорты» кедендік рәсімі,  ал 01 сәуірден бастап  басқа кедендік рәсімдер бойынша «АСТАНА-1» АЖ іске қосылды.

«Астана-1» АЖ сандық технологияларды ауқымды енгізу үрдісінде Ұлт жоспарының 38-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленген.

ҚХР-дан шыққан және ЕАЭО-ға әкелінетін алюминийден жасалған ыдысқа демпингке қарсы бажды қолдану туралы

ЕЭК Алқасының 2021 жылғы 24 тамыздығы № 107 «Қытай Халық Республикасынан шыққан және Еуразиялық экономикалық кедендік аумағына әкелінетін алюминий ыдыстарға демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы» шешімі 2021 жылғы 25 қыркүйекте күшіне енді.

Портландцемент импортын Беларусь Республикасына лицензиялауды енгізу туралы

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Беларусь Республикасының 2021 жылғы 13 қыркүйектен бастап 2022 жылғы 13 наурызға дейінгі кезеңде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасының 2523 29 00

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Қазіргі таңда Қазақстан сыбайлас жемқорлықтан бос қазіргі заманғы және құқықтық мемлекеттің үлгісін құрайды.

 «Қазақстан-2050» стратегиясы:  құрылған елдің саяси бағыты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселе бойынша елдің  бағытын белгілейді және алдағы жылға сыбайлас жемқорлықтың базалық векторларын, сонымен қатар оны құбылыс ретінде жоюды анықтайды.

Жекелеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылғы 6 қыркүйектен бастап 2022 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімге «Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 246 бұйрығының күшіне енгені туралы хабарлайды.

О некоторых вопросах вывоза отдельных товаров с территории Республики Казахстан

Департамент государственных доходов по Костанайской области сообщает о вступлении в силу приказа и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20.08.2021 года № 246 «О некоторых вопросах вывоза отдельных товаров с территории Республики Казахстан» с 6 сентября 2021 года сроком до 1 февраля 2022 года.