Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімдемесі
Уважаемые налогоплательщики напоминаем, что в реестр государственных услуг внесены изменения согласно приказа Министра финансов Республики Казахстан от 10 июля 2020 года №665 об утверждении Правил оказания государственной услуги «Подтверждение резидентства Республики Казахстан».
Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются:
1) через некоммерческое акционерное общество «Государственная корпорация «Правительство для граждан» (далее – Государственная корпорация);
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аумақтық мемлекеттік кірістер органдары 2020 жылы жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеуді жүргізгенін хабарлайды. Бұл ретте бюджетке салықтарды төлеуді 2021 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізу қажет.
Салық Кодексіне сәйкес бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік меншігіндегі салық салу объектісі үшін салық олардың осы мүліктегі үлесіне сайма – сай есептеледі (осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші болып танылады).
2020 жылғы 2 қарашада Мемлекеттік кірістер департаменті Әділет департаментінің басшылығымен және жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасымен бірлескен, жеке тұлғалардан салық берешегін өндіріп алу бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының жеке сот орындаушыларымен өзара іс-қимылы туралы жұмыс кеңесі өткізілді.
18 307 адам (борышкерлердің жалпы санының 27%) салықтық рақымшылық жасау мүмкіндігін пайдаланып үлгерді. Олар 198,6 млн. теңге сомасындағы қарыздарын өтеген, бұл ретте өсімпұлдар шамамен 14,5 млн.теңгеге есептен шығарылды.
2020 жылғы өсімпұлды есептен шығару бойынша акцияның басына 68 790 жеке тұлғаның көлік құралдары, мүлік және жер салығы бойынша жалпы берешегі 901,9 млн.теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш сомасы 774,3 млн. теңге, өсімпұл 127,6 млн. теңге.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, жеке тұлғалардың 2020 жылға көлік салығын 2020 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей төлеу қажеттігін ескертеді. Жеке тұлғаларға салық төлеу тұрақты тіркелген тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.
2020 жылға көлік салығын есептеуді сіз ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан «Электрондық сервистар»/ «Калькуляторлар» бөлімінде жасай аласыз.
Мемлекеттік кірістер органдары жосықсыз салық төлеушілерге қатысты мүлікке, көлікке, жер салығына салық бойынша салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық тұтқаларын қолданады.
Салықтарды уақтылы төлемеген жағдайда қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімақыны есептеу жүргізіледі.
«Жеке тұлғалардың салық берешегі туралы» хабарламанф орындамау кезінде, «жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығы» ерікті түрде орындалмаған жағдайда, материал жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға тікелей беріледі.