
28.04.2022 жылы Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында "салық заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар бойынша"тақырыбында семинар өткізілді. Кездесуге басқарма бөлімдерінің басшылары, заңды тұлғалардың өкілдері мен басшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер
қатысты. Салық төлеушілерді камералдық бақылау, электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану мүмкіндіктері, акцизделетін тауарларға салық салу, салық төлеушінің төлқұжатын алу және т.б. мәселелер қызықтырды.
МКБ қызметкерлері салық төлеушілердің көптеген сұрақтарына толық жауап берді. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға түсіндіру сипатындағы жадынамалар ұсынылды. Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы онлайн конференциялар апта сайын бейсенбі күндері ZOOM (идентификатор: 6501802455, пароль: 123456) арқылы өтетінін еске салады, онда сіз де сұрақтар қоя аласыз.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы