Мәлімет үшін!
Қаржы мониторингі субъектілеріне!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі бойынша комитеті (бұдан әрі - Комитет) хабарлайды, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV Заңының 3-бабының 1-тармағының 13-16-тармақшаларына сәйкес, қаржы мониторингінің субъектілеріне жатады:
- лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
- ломбардтар;
- бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
- жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар.
Заңның 3-бабының 3-тармағына сәйкес, жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Комитетке қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Осыған байланысты Комитет қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдау бойынша жұмыс кездесуін өткізеді.
Хабарлама ұсыну үшін жеке куәліктің түпнұсқасы және мөр қажет.
Кездесу мына мекенжай бойынша өтеді:
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Мәуленов көшесі, 21, 2016 жылғы 14 қазан күні, сағат 10.00-де.
Анықтама үшін байланыс нөмірлері: 8 7172 749739; 749749; 749752; 749226.