Жарияланған күні: 12.10.2016 19:35
Өзгертілген күні: 12.10.2016 19:54

«Ашық есік күні»

        2016 жылғы 11 қазанда «Қостанай-КРО» кеден бекеті «СарыАркаАвтопром» ЖШС мекемесінің базасында «Ашық есік күнін» өткізді. Кеден бекетінің мамандары «СарыАркаАвтопром» ЖШС және «Агромашхолдинг» АҚ кәсіпорындарының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді, мұнда қайта экспорттау, қайта импорттау, еркін қойма және тауарларды жіктеу кедендік рәсімдері бойынша мәселелер талқыланды.

Кәсіпорындар өкілдері аталмыш жұмыс кездесулерін тоқсанына бір рет өткізу ұсынысын білдірді, себебі сөйлесудің жаңа форматы жұмыс тәртібінде кедендік рәсімдеу кезінде туындайтын барлық мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде  тауарларды кедендік тазарту кезінде кезк елген қателерді болдырмауға көмектеседі.

Кейін «СарыАркаАвтопром» ЖШС кәсіпорнының өкілдері автомобиль құрастыру бойынша цехтерді аралау арқылы еркін қойма аумағында экскурсия ұйымдастырды.