
Мектепке жол жыл сайынғы қайырымдылық акциясы шеңберінде қамқорлыққа алынған ұйымға демеушілік көмек көрсету туралы
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өткізетін "Мектепке жол" қайырымдылық акциясына қатысады.
Балалар жылында ол "Мектепке жол-Шекарасыз Жақсылық" ұранымен өтеді.
26.08.22 ж. Департаментпен "Жан ұя" отбасылық үйінің балаларына көмек көрсетілді. 20 дана мектеп рюкзактары мен мектеп киімдері сатып алынды.