Жарияланған күні: 24.11.2022 18:12
Өзгертілген күні: 24.11.2022 18:13

Салық төлеушінің төлқұжаты кімде болуы керек, оның құрамында не бар және оны қайдан алуға болады?
Сауда және тамақтану салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерде салық төлеушінің паспорты болуы керек.
Салық төлеушінің паспорты - салық құпиясы болып табылмайтын, Мемлекеттік кірістер комитетінің порталы арқылы қалыптастырылатын штрих-кодта (QR-код) қамтылатын мәліметтерді құрайтын кәсіпкерлік субъектісінің ақпараттық картасы болып табылады.
Салық төлеушінің паспортында мынадай мәліметтер қамтылады:
• Сәйкестендіру нөмірі;
• Дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы;
• Дара кәсіпкердің, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
• Салық төлеушінің мәртебесі – әрекет ететін, әрекет етпейтін, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтатқан;
• Тiркеу есебiне қойылған күн, тiркеу есебiнен шығарылған күн;
• Бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі, бақылау-касса машинасын пайдалану орны;
• Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауы.