Жарияланған күні: 14.04.2023 09:42
Өзгертілген күні: 14.04.2023 09:45

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтарды жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды.

Декларацияны жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары табыс етеді.

Декларациялау жүйесіне кірген кезде осы санаттар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды (250.00-нысан) және кейіннен кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) жыл сайын ұсына отырып ұсынуға міндетті.

Декларацияны табыс етудің 2 мерзімі көзделген:

- декларацияны қағаз жеткізгіште ұсынатындар үшін 15 шілдеге дейін;

- декларацияны электронды түрде ұсынатындар үшін 15 қыркүйекке дейін.

Осыған байланысты, Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы осы нысандардың толтырылуын және жөнелту тәсілдерін түсіндіру бойынша ұйымдармен күнделікті көшпелі кездесулер өткізеді.

Туындаған сұрақтарға басқарма мамандары толық жауап береді, сондай-ақ түсіндірме сипаттағы жадынамалар тапсырылады және нысандарды толтырудың қадамдық нұсқаулығы бар ролик көрсетіледі.

Нысандарды толтыру және жіберу сұрақтары туындаған жағдайда Қостанай қаласы бойынша МКБ телефон нөміріне (87142) 28-20-24 хабарласыңыз.

 

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы