
Мемлекеттік қызметке жас мамандарды тарту – кадр саясатының негізгі міндеттерінің бірі.
Оқу жылының аяқталуы және диплом алу қарсаңында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде болашақ мамандықты анықтау үшін мемлекеттік қызметке талантты, кәсіби- құзыретті және креативті жас мамандарды тарту бойынша «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті.
Аталған іс-шараға Қостанай облысының колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ «Қостанай қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ қызметкерлері шақырылды.
Департамент мемлекеттік қызметке кіру тәртібін түсіндіру бойынша студенттермен тұрақты негізде ақпараттық жұмыстар жүргізеді.