Жарияланған күні: 06.06.2024 17:26
Өзгертілген күні: 06.06.2024 17:31

Денисов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бастамашыл, талантты жастарды анықтау және Мемлекеттік қызметке тарту мақсатында, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай іс-шаралар өткізу шеңберінде колледж студенттері үшін "Ашық есік күнін" өткізді.



Студенттер алдында Денисов ауданы бойынша МКБ басшысы Д.М. Сақтағанов және басқарма мамандары сөз сөйледі. Студенттерге Мемлекеттік қызметтің артықшылықтары, сондай-ақ жалпыға бірдей декларациялау және ҚР ҚМ КХД цифрлық өнімдері туралы айтылды.