Жарияланған күні: 05.07.2024 18:52
Өзгертілген күні: 05.07.2024 18:53

Салық кодексінің 166-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар міндетті түрде бақылау-касса машиналарын қолдана отырып жүргізіледі (ҚР СК 166-бабы 2-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда). БКМ қолданудың белгіленген тәртібін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ҚР ӘҚБтК) 284-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады. Бұл туралы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен кеңесте Қостанай облысы бойынша МКД камералдық мониторинг бөлімінің басшысы Рүстем Құсалин еске салды. Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін бұзғаны үшін - ескерту жасауға (бастапқы бұзушылық кезінде) және бір жыл ішінде қайталап бұзу кезінде 15-тен 50 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғатынын хабарлады.