Жарияланған күні: 22.08.2024 10:29
Өзгертілген күні: 22.08.2024 10:30

Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттің шекарасындағы шекара қызметімен бірлесіп, заңсыз тауар айналымын анықтау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Мемлекеттік кірістер департаменті ведомство аралық өзара іс-қимыл шеңберінде ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР азаматының жалпы құны 77 620 620 теңгеге 100 806 пакет мөлшерінде заңсыз темекі өнімін әкету фактісі тоқтатылғанын хабарлады.

Сәуір айынан бастап материал шағымдануға арналған. Бүгінгі таңда сот 184 600 теңге көлемінде айыппұл салумен және темекі өнімдерін тәркілеумен әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарды ("Milano" темекілері  35 000 қорап, "Zumerret" темекілері - 10 027 қорап, "Oris" темекілері - 55 779 қорап).

Ведомствода сондай-ақ акцизделетін өнімді сәйкестендіру құралдарыңсыз және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларынсыз сақтауға, өткізуге, тасымалдауға тыйым салынатынын еске салады.

Қостанай облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Баспасөз қызметі