Жарияланған күні: 17.10.2024 11:16
Өзгертілген күні: 17.10.2024 11:17

Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін жеке тұлға Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен салық органына хабарлама жібереді.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарлама арнаулы мобильді қосымша арқылы жіберілуі мүмкін.
Салық органдары Қазақстан Республикасының заңнамасымен дара кәсiпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынған жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргiзбейдi.
Жеке тұлғаны жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою нотариаттық қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру басталғанға дейiн сервистік бағдарламалық өнімдер арқылы электрондық нысанда ұсынылған, жеке тұлғаның жеке практикамен айналысатын адамды тiркеу есебiне алу туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.
Салық органдары салықтық өтініш алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тұлғаны жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргізеді.