Жарияланған күні: 31.10.2024 17:48
Өзгертілген күні: 31.10.2024 17:49

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы апта сайын сәрсенбі күні Мәуленов көшесі, 21 мекенжайындағы МҚБ ғимаратында Қостанай қаласының тұрғындары үшін ашық есік күні өткізілетінін еске салады.

2024 жылғы 30 қазанда Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері кезекті Ашық есік күнін өткізді, онда салық төлеушілердің қызықтырған сұрақтарына түсініктемелер берілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.

Келушілерді жеке кәсіпкер ретінде тіркеу мәселелері, салық салу режимдері, азаматтарды жалпыға бірдей декларациялау , жеке тұлғалардың банкроттығы, "е-Salyq Azamat" "е-Salyq Business" мобильдік қосымшаларын қолдану функциялары мен тәсілдері, сондай-ақ салық төлеушілердің назарына ҚР ҚМ МКК жүргізіп жатқан "Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал"акциясы туралы ақпарат жеткізілді.

Қабылдау барысында келушілерге "salyqbot" сандық салық кеңесшісінің жұмысы көрсетілді,

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.