Жарияланған күні: 06.11.2024 18:24
Өзгертілген күні: 08.11.2024 09:21

Исенов Азат Тоқтарбекұлы 1979 жылы туған. Білімі бойынша-қаржыгер, заңгер. Семейде Шәкәрім атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 24 жылды құрайды. Салық жүйесіндегі еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Қатардағы салық инспекторынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарына дейінгі жолдан өтті.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2024 жылғы 27 ақпанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының қызметін атқарды.

2024 жылғы 4 қарашадан бастап ҚР ҚМ МКК Төрағасының бұйрығымен Қостанай облысы бойынша МКД-ның басшысының орынбасары болып тағайындалды.