
Ағымдағы жылдың 07 қарашасында көлік салығын төлемегені үшін 158 мың теңге сомасында мемлекеттік кірістер органдары, жеке сот орындаушылары және полиция қызметкерлері бірлесіп берешекті өндіріп алу шарасында "TAYOTA RAV4" автокөлігі арнайы автотұраққа орналастырылды,- деп Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды. Борышкерлердің көліктері «АвтоУраган» стационарлық аппараттық – бағдарламалық кешендерімен бекіту арқылы анықталады.
Осылайша, борышкерлердің авто көліктері жыл басынан бері көлік салығын төлемегені үшін айыппұл тұрағына қамауға алынады, Қостанай облысының 32 борышкері – борышкерді қамауға алу айыппұл салу, жүргізуші куәлігін тоқтата тұру түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ведомствада көлік құралы бойынша салық берешегін уақытылы өтемеген жағдайда сот орындаушыларының жұмысы шеңберінде берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың мынадай шаралары қолданылатынын хабарлады:
- уәкілетті органдардың тіркеу іс-әрекеттерін шектеу;
- борышкердің елден тыс жерлерге кетуіне тыйым салу;
- борышкерді қамауға алу;
- жүргізуші куәлігінің қолданысын тоқтату;
- банктік шоттар мен өзге де мүлікке тыйым салу
Бұдан басқа, жеке сот орындаушылары берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың мынадай:
- уәкілетті органдарда тіркеу іс-әрекеттерін шектеу;
- борышкердің елден тыс жерлерге шығуына тыйым салу;
- банктік шоттар мен өзге де мүліктеріне тыйым салу шараларын қолданады.
Мұндай жағдайларды болдырмау үшін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық берешегінің бар екендігі туралы мәліметтерді тексеруді, бар болса қарыздарын өтеуді ұсынады.