
Аударымдар мен жарналардың уақтылы және толық есептелуін және аударылуын бақылауды Мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады
Егер ЖК жарналарды және (немесе) аударымдарды төлеуден жалтарса, онда ол ӘҚБтК-нің 92-1-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылықта болады.
Жұмыс берушілердің, ЖК, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың МӘМС - ке аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеуі, уақтылы және (немесе) толық төлемеуі-ескертуге әкеп соғады.
Жыл ішінде қайталап бұзылған жағдайда төлемеушіге МӘМС-ке төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылған) аударымдар және (немесе) жарналар сомасынан мөлшерінде айыппұл салынады:
20% - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;
30% - орта кәсіпкерлік субъектілеріне;
50% - ірі кәсіпкерлік субъектілеріне.