
Бүгін, 20.11.2024 ж. салтанатты жағдайда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы Жітіқара ауданы бойынша МКБ басшысы Қасымхан Қамзұлы Қосмұхамбетовті лайықты демалысына шығарып салды.
Қасымхан Қамзұлы өзінің еңбек жолын 1992 жылы шілдеде Жетіқара қалалық салық инспекциясында салық инспекторы болып бастады.
Кейіннен салық қызметі органдарында және Мемлекеттік кірістер органдарында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, оның ішінде 2004 жылдан бастап Таран ауданы бойынша, Жітіқара ауданы бойынша, Денисов ауданы бойынша, Қарабалық ауданы бойынша Салық комитетінің басшысы лауазымдарын атқарды.
Жұмыстағы жоғары жетістіктері үшін Қасымхан Қамзұлы бірнеше рет ҚР ҚМ, МКК наградаларымен марапатталды. "Ерен еңбегі үшін", ҚР Қаржы министрлігінің үздігі", "ҚР Мемлекеттік кірістер үздігі" медальдарымен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Қасымхан Қамзұлы, сізді лайықты зейнеткерлікке шығуыңызбен, жаңа қызықты және бай өмірдің басталуымен, көптен күткен демалысыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге ойлаған жоспарларыңызды жүзеге асыруды тілейміз. Әрқашанда мақсатыңыз биік, ойлағаныңыздың бәрі орындалсын!