Жарияланған күні: 21.11.2024 17:56
Өзгертілген күні: 21.11.2024 17:57

2024 жылғы 20 қарашада Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері кезекті "Ашық есік күнін"өткізді.

Іс-шара салық төлеушілерге дара кәсіпкер ретінде тіркеу, салық салу режимдері, жалпыға бірдей декларациялау, жеке тұлғалардың банкроттығы, "е-Salyq Azamat" "е-Salyq Business"мобильді қосымшаларын қолдану функциялары мен тәсілдері мәселелері бойынша көмек көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ, келушілерге "Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!».

Салық төлеушілерге "salyqbot" цифрлық салық консультанты көрсетіліп, мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы апта сайын сәрсенбі күні Мәуленов көшесі, 21 мекен-жайындағы МКБ ғимаратында қаланың салық төлеушілері үшін "Ашық есік күні" іс-шарасы өткізілетінін еске салады.

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.