Жарияланған күні: 22.11.2024 18:44
Өзгертілген күні: 22.11.2024 18:44

Жалпыға бірдей декларациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде, 22.11.2024 ж. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті облыстың қалалары, аудандары және ауылдық округтері әкімдіктерінің қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізді.

Спикер ретінде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Шынар Жумабаевна Жумабай сөз сөйледі. Түсіндіру нәтижесінде семинарға қатысушылар декларацияларды тапсыру бойынша міндеттемелерге қатысты қойылған барлық сұрақтарға жауап алды, сонымен қатар спикер 2025 жылдан бастап ұсынылған өзгерістер туралы айтты.