Жарияланған күні: 11.12.2024 15:21
Өзгертілген күні: 13.12.2024 10:47

2024 жылғы 10 желтоқсанда Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы "төменгі көтерме сауда", "мүгедектер қоғамы" және "Дархан"базарлары аумағында кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Спикерлер ретінде Қостанай қаласы бойынша МКБ-ның басшысының орынбасары Сергей Викторович Коп, бөлім басшысы-Ырыскен Изатовна Абельдинова және бас маман Жанна Дүйсенбекқызы Тұрғанова сөз сөйледі.

Кездесудің мақсаты-салық заңнамасын түсіндіру, кассалық тәртіп мәселелері, пост-терминалдарды қолдану, сонымен қатар кәсіпкерлерге салықтар мен бюджетке төлемдерді төлеу мерзімдері туралы еске салды, жалпыға бірдей декларациялау, мобильді қосымшалар арқылы қызмет алу және салықтық әкімшілендірудің басқа да өзекті тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап берді.

Барлық кәсіпкерлерге ақпараттық жадынамалар табыс етілді, туындаған сұрақтарға жауап берілді.

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.