
Құрметті СЭҚ қатысушылар!
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті танысу үшін «Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 04.04.2025ж. № 101 бұйрығын орналастырады.
Көрсетілген бұйрықпен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауықжұмыртқаларын (ЕЭОСЭҚ ТН: 040721) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілді.
Қосымша: 4 парақта.
Кедендік бақылау басқармасы