
Президенттік Жастар кадрлық резерві – Мемлекет басшысының талантты жастар үшін әлеуметтік лифт болып табылатын жария бастамаларының бірі.
2025 жылы Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу 4.0. өткізіледі. Өтінімдерді қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 1-30 маусымы аралығында.
Іріктеуге: В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар мемлекеттік тілді меңгерген жоғары білімі бар және жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл Қазақстан Республикасының 35 жастан аспаған азаматтары қатыса алады.
Барлық сұрақтар бойынша:
1. Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Адам ресурстары басқармасы – тел. 53-71-41
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қостанай облысы бойынша департаменті - тел. 39-35-56
Сайттардағы қосымша ақпарат: elgeqyzmet_qostanai, pkrezerv.gov.kz