Жарияланған күні: 05.11.2015 17:46
Өзгертілген күні: 05.11.2015 17:50

«Бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету бойынша резервтер» тақырыбына өткен  Қостанай облысының Әкімдігі жанындағы кеңейтілген отырыс

2015 жылғы 4 қарашада Қостанай облысының Әкімдігі жанында Қостанай облысы әкімінің қатысуымен бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету бойынша резервтерді анықтау мәселесі бойынша кеңес өтті.

Кеңесте бизнес өкілдері, уәкілетті органдардың, мемлекеттік құрылымдардың басшылары, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасының және Департамент басқармалары мен кеден бекеттерінің басшылары қатысты.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А.М.Паяев баяндамасында Мемлекеттік кірістер органдарының алдында ашық бизнеске жәрдем қамтамасыз ету бойынша, инвестиция үшін қолайлы жағдай жасау, сонымен қатар ел басының тапсырған «100 нақты қадам» бағдарламасында корсетілген салықтөлеушілермен салық міндеттерін орындау бойынша бақылау жүргізу міндеттерінің тұрғанын айтып өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша, қосымша резервтерді және әкімшілік салықтарды  анықтау үшін Департаменттің өкілетті органдарымен өзара ынтымақтасу  бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.