
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды.
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - заң) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы:
1-1. Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсаттың иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаның рұқсат беру органына ерікті түрде өтініш жасауы рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру үшін негіз бола алады.
6. Лицензиаттың, екінші санаттағы рұқсат иесінің ерікті өтініш беруіне байланысты рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезден бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жыл сайынғы лицензиялық алымды немесе төлемді төлеу жөніндегі барлық міндеттемелер тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 24 мамырдағы № 156-VІ
Сондай-ақ, лицензиаттар өтініш берген кезде, лицензияның қолданылуын өз еркімен тоқтатуға байланысты, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға тиісті өтініш беру үшін Мемлекеттік кірістер департаментіне жүгіну қажет.
Тоқтата тұру туралы ақпарат жекелеген қызмет түрлері бойынша кейіннен тіркеу есебінен шығару үшін аумақтық МКБ-ға хабарлама түрінде жіберілетін болады.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы