Жарияланған күні: 15.01.2016 18:12
Өзгертілген күні: 15.01.2016 18:14

«Мүлікті жария ету туралы декларация»

 

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми жарияланған және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 13.11.2015 жылы қол қойылып,2015 жылдың  29 қарашасынан  бастап қолданысқа енгізілгенін  жеткізеді.

Сондай-ақ,Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27қарашадағы №593 Бұйрығы мен мүлікті жария ету туралы декларацияның нысаны және Оны толтыру қағидалары бекітілді,Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелді.

Бұйрық"Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында ресми жарияланып, 2016 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2016 жылдан бастап мүлікті жария ету туралы декларациялардың қабылдауын жүзеге асырады.