Мобильді топтың өткізіліп жатқан іс-шаралары
Үстіміздегі жылдың 15 қаңтарынан бастап Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, салық және кеден салаларында құқық бұзушылықты уақытылы анықтау мақсатында Еуроазиялық экономикалық комиссиясы мүшелерінің 14.10.2015 жылғы №59 шешімімен бекітілген тізбемен көзделген әкелу кедендік баждар ставкалар бойынша төлеумен, үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, тізбеге енгізілген тауарлардың шығарылуына жол бермеу мақсатында мобилді топтарды жасақтады.
Аталмыш шара өзінің алғашқы жетістіктерін де көрсетті. Осылайша,
2016 жылғы 19 қаңтарда аталмыш іс-шара барысында Қарабалық ауданының «Рубеж» бақылау өткізу пункінде жүк тиеу орны Алматы қаласы, Қытай елінде шығарылған «ойыншықтар» жүгімен екі авто көлік тақтатылды. Ілеспе құжаттарында (инвойста) көрсетілген сыртқы экономикалық қатысушылар тауарлық номенклатурасындағы тауарлар коды Дүниежүзілік тауар ұйымының төмен ставкаларын қолданатын тауар позицияларына жатпайды.
2016 жылғы 20 қаңтарда осы бақылау өткізу пунтінде шығарылған елі Пакистан болып табылатын «мандариндер» жүгімен автокөлік тақтатылған, тауарға арналған декларацияның және электрондық есеп шотынның куәландырылған көшірлемерінің болмағаны анықталды.
Аталмыш фактілерге қатысты қазіргі уақытта тексерулер жүргізілуде.
Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаметінің
баспасөз қызметі
П