Жарияланған күні: 01.02.2016 12:33
Өзгертілген күні: 01.02.2016 12:35

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаметінде

 «Алып қойған тауарларды тасымалдау тәртібі»

тақырыбына кеңес өткізілді

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2016 жылғы 28 қаңтарда «Алып қойған тауарларды тасымалдау тәртібі» тақырыбына кеңес өткізілді.

Кеңеске Департамент басшысының орынбасарлары С.А.Ахметов, Т.А. Арысбаев, Департамент басқармаларынынң басшылары О.В. Рабченюк, С.И. Гусейнов, А.А. Мустафина, жеке жүк тасымалдаушылар және көлік мекемелерінің өкілдері, БАҚ қатысты.

Кедендік ресімдеу басқармасының басшысы С.И. Гусейнов және бас маман А.Е. Найденов «Оларға қатысты төмендетілген әкелу кеден баждары қолданылатын тауарлар тізімі және сондай тауарлар бойынша кедендік ресімдеу» тақырыбына сөз сөйледі.

«Тіркеу жүйесінің енуіне байланысты электрондық есеп-шот көшірмелерін беру тәртібі. Тауардың ілеспе құжаттары ретінде тауарларға арналған декларациялардың және электрондық есеп-шоттардың көшірмелерін растау тәртібі» тақырыбына Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы Үшінші елдердің және Кеден одағының импортын әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Д.Н. Айсин сөз сөйледі.