«Алкоголь өнімін импорттауға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу” тақырыбына семинарды өткізу
2016 жылғы 27 қаңтарда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Алкоголь өнімін импорттауға ілеспе жүкқұжаттарды (ІЖҚ) ресімдеу» тақырыбына семинар өткізілді.
Семинарға облыста тіркелген барлық алкоголь өнімін импорттаушы-кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ Қостанай облысы бойынша МКД Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында импорттаушылардың назарына 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап алкоголь өнімін импорттауға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қажеттілігі туралы ақпарат жеткізілді. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы»Жаңартылған Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429 Заңының 9 бабының 5 тармағына сәйкес - Ілеспе жүкқұжаттары (ІЖҚ) жоқ, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидаларын бұза отырып жасалған, этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымына және олардың орнын өзгертуге тыйым салынады. «Мемлекеттік реттеу туралы ...»Жаңартылған Заңының 1 бабына сәкес айналым – экспорт, импорт, сатып алу, сақтау, көтерме саудада және бөлшек саудада өткізу. Осылайша, ІЖҚ ресімдеусіз импорттауға тыйым салынады.
«ІЖҚ ресімдеу және пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 682 бұйрығына сәйкес этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезінде ІЖҚ алушы ресімдейді:
Еуразиялық экономикалық одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан - Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарлар шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей;
Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттер аумағынан - Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күнінен кешіктірмей.
Ілеспе жұққұжаттарды электрондық түрде ресімдеу мүмкіндігі 2016 жылғы 22 қаңтарда жүзеге асырылды.
Сонымен бірге, семинар барысында «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы арқылы электрондық түрде ІЖҚ нысанын төлеу ерекшеліктері түсіндіріліп, ІЖҚ ресімдеу қағидаларын талқылау барысында импорттаушыларда туындаған проблемалық сұрақтарға жауап берілді.
Бұдан басқа, ІЖҚ ресімдеу қағидаларын бұзғаны үшін және ІЖҚ ресімдеусіз алкоголь өнімінің айналымы үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзу туралы» Кодексімен көзделген айыппұл ықпал-шаралары туралы айтылды.