
Мұқтаж балаларға мектепке барлық қажеттіліктерді сатып алуға Қостанай ауданының мекемелері мен кәсіпорындары көмектесуде. Шетте қалмай «Мектепке жол» жыл сайынғы көлемді республикалық акцияға Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы да қатысты.
26 тамызда басқарма қызметкерлері Затобол кентінен жетінші сынып оқушысы Георгий және үшінші сынып оқушысы София тұратын көп отбасына барып шықты. Оған киім, мектептік сөмке және оқуға қажеттіліктердің барлығын табыстады. Балалардың анасы басқарма басшылығына алғысын білдіріп, жетістіктер мен кәсібилікте мансап өсімін тіледі.
Қоштасарда Георгий мне София басқарма қызметкерлеріне мектепте жақсы бағалар алып, белсенді әрі ұқыпты оқушы болатындарына уәде берді.