Жарияланған күні: 11.08.2016 11:40
Өзгертілген күні: 11.08.2016 11:42

«Кедендік баждарды, салықтарды және кедендік
 алымдар мен өсімпұлдарды төлеу жөніндегі
 міндеттеменің орындалуын есепке алу»

  1. Кедендік баждарды, салықтарды және кедендік алымдар мен өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттеменің орындалуын есепке алуды кеден органы төлеушінің жеке шотын жүргізу арқылы жүзеге асырады.

 2. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген, есепке жазылған (кемітілген), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескерілген) сомасын есепке алуға арналған құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат төлеушінің жеке шоты болып табылады.

 3.Кеден органының төлеушінің жеке шотын жүргізуі:
      жеке шотты ашуды;

 жеке шотта бұдан әрі кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген, есепке жазылған, кемітілген, аударылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын көрсетуді;
 жеке шотты жабуды қамтиды.

 4. Мыналар:      төлеуші кедендік декларацияда, кедендік декларацияның түзетуінде;
  кеден органы осы Кодекстің 290399 және 405-баптарына сәйкес жүргізген кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомасын ұлғайтуды немесе кемітуді қамтитын сома кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдың есептелген (кемітілген) сомасы болып табылады.

 5. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомасын ұлғайтуды немесе кемітуді қоса алғанда:

 кедендік бақылау нәтижелері бойынша;

 жоғары тұрған кеден органының не соттың төлеушінің пост-кедендік бақылау нәтижелері туралы хабарламасына, кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) төлеушінің шағымын қарау нәтижелері бойынша;

 бақылаушы органдардың тексеру нәтижелері бойынша;
 алдын ала шешім қабылдау кезінде;

 тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру туралы шешім қабылдаған кезде кеден органы алған кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдың есептелген сомасы болып табылады.
 6. Төлеушінің жеке шоты кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың түрлері бойынша жүргізіледі.
 7. Төлеушінің жеке шоты бюджеттік сыныптама кодына сәйкес жүргізіледі.
      8. Төлеушінің жазбаша өтініші бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша кеден органымен салыстыру кеден органы аталған өтінішті тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
  Салыстыру аяқталғаннан кейін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, екі данада акт жасалады. Салыстыру актісінің бір данасы төлеушіге тапсырылады, екінші данасы кеден органында қалады.