Экономикалық тергеу қызметінің
құрылу кезеңінен бастап атқарылған жұмысы
2016 жылғы 16 қыркүйекте Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің атқарған жұмысы туралы брифинг өткізді.
Экономикалық тергеу қызметінің жұмысы туралы Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының бас маманы – аға тергеушісі Гүлмира Туралина баяндап берді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрилігінің Мемлекеттік кірістер Комитетінің Экономикалық тергеу қызметі 2014 жылдың қараша айында құқық қорғау органдарының ауқымды реформалау нәтижесінде құрылды.
Экономикалық тергеу қызметінің негізгі бағыты «көлеңкелі» экономика, салық, кедендік пен қаржы салаларындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстарды тергеу мен ескерту.
Күнделікті құқыққорғау қызметін жүзеге асыру барысында, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен кәсіпке жүктемені азайту, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзуды болдырмау, тұрғындар мен кәсіптердің экономикалық тергеумен күресу бойынша органдарына сенімділігін арттыру.
Орган қызметінің негізгі басымды бағыты жалған кәсіпкерлікке қарсы әрекет ету.
Жалған кәсіпкерлікті құру көп жағдайда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында заңды айналымынан ақша қаражаттарын алу мен қолма-қол айналдыруға, сонымен қатар салық салудан ықшамдауға бағытталған.
Осылайша, жұмыс атқару барысында Департаменттің Экономикалық тергеу қызметі өндірісінде жалған кәсіпкерлік пен жалған шот –фактураларын қолдануымен тауарсыз келісім шарт жасау фактілері бойынша 131 қылмыстық іс тіркелген. Осыдан 140 қылмыс бойынша 18 іс сотқа жолданған. Аталған фактілер бойынша заңды күшіне енген сот үкімдері бар.
Жалған кәсіптердің заңсыз қызметі нәтижесінде мемлекетке 1 миллиард теңгеден астам залал келтірілген, осыдан өз еркімен контрагенттерімен 339 миллион теңге өтеліп, 855 миллион теңгеден астам ақша қаражаттары мен мүліктеріне тиым салынды.
Қазіргі уақытта жалған кәсіпкерлікпен қатар, мұнай мен мұнай заттарына, алкогольдік өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес өзекті болып келеді.
Осыған байланысты, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің бастамасымен 2014 жылы тауарлардың заңсыз айналымының жолын кесу мен ашу шаралары бойынша Жоспар құрастырылып бекітілген.
Осы жоспардың шеңберінде ішкі істер органдарымен, Көлік прокуратурасымен, көлік бақылау инспекциясымен Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарында, республикалық және облыстық көлік жолдарында тұрақты түрде бірлесіп рейд жүргізіледі.
Экономикалық дағдарыс кезінде 2015 – 2016 жылдары түрлі себептерімен облыстың бұрын қолданыстағы екі ауқымды спиртзауыттары мен екі арақ зауыттары (ТОО Лидер-2 и ТОО Алтын Омир) жабылған.
Ресей Федерациясынан және Қазақстан Республикасының өзге аумақтарынан әкелінетін заңсыз алкогольдік өнімдері рыноктың босатылған қуысында болатынына қауіп-қатер туды.
2015 жылы және 2016 жылдың өткен мерзімі нәтижелері бойынша ішкі істер органдарымен бірлескен рейдтер мен Жоспарды орындау барысында акциздік тауарларды заңсыз тасымалдаудың 35 фактісі айқындалды (24 – алкогольдік өнім мен 11 – мұнай өнімдері).
Жұмыс барысында 45 миллион теңге құрайтын 90 мың литр алкогольдік өнім мен 180 мың бөтелке, 24 млн. теңге құрайтын 20 мың литр этил спирті, 160 тонна мұнай өнімдері, пеш түрінде 80 тонна жанар-майы, 47 тонна Ресей Федерациясынан әкелінген заңсыз битум, 15 тонна Ақтөбе облысынан тасымалданған шикі мұнай алынды. Бүкіл заңсыз жанар-жағар май материладары тәркіленген.
Бұдан басқа, Департаменттің Экономикалық тергеу қызметі өндірісінде алкогольдік өнімдерінің, спирттің, мұнай өнімдерінің, есірткі заттарының заңсыз айналымы фактілері бойынша 44 қылмыстық іс тіркелген. Осыдан 11 қылмыстық іс сотқа жолданған. Алклгольдік ішімдіктері бар 1 миллионнан аса бөтелке мен 20 тонна спирті бар цистерна тәркіленген.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметі тіркелмеген, жеке тұлғалармен сәйкесті құжаттарынсыз, пластикалық ыдыста сатылатын ресей өндірістегі контрафактілік алкогольді әкелудің орны бар. Осылайша, ағымдағы жылдың тамыз айында сәйкесті құжаттарынсыз алколгольдік өнімді заңсыз әкеліп, сақтаған және жүзеге асырған тұлғалар тобының қызметі жойылған. Қостанай қаласы, Қарабалық пен Федеровка аудандарының жеті объектілерін тінту кезінде Ресей Федерацисының өндірісі мен Ресейдің есеп-бақылау маркілері қолданған 700 000 бөтелкеден аса алкогольдік өнімдері табылып, тәркіленген. Аталған факт бойынша қылмыстық істі аяқтауға бағытталған жедел –іздестіру шаралары қолданылып жатыр.
Анықталған алкогольдік өнім салық төлеуден жалтарумен қатар, қолданыста денсаулық пен адам өміріне қауіп-қатер тигізуі ықтимал. 2015 жылы және 2016 жылдың өткен мерзімі бойынша16 миллион теңге құрайтын 70 мың бөтелке алкогольдік өнім арнайы полигонда пайдаға асырылған.
Қазақстан Республикасының ақша-кредиттік жүйесіне озбырлық жасап, көкейтесті құқықбұзушылық болып жалған ақша жасау саналады. Аталған салада жұмысты белсендіру қаржы – кредиттік ортадағы ҚР Ұлттық банктің жалған ақша белгілерін айналысы нәтижесінде экономикаға және мемлекеттік мүдделеріне анағұрлым залалмен негізделеді.
Осылайша, 2015 жылы Департаменттің Экономикалық тергеу қызметімен 1000 және 5000 теңге номиналды ақша қаражаттарын жасау мен сату бойынша екі астыртын цех қызметі жойылды.
Мендықара аудандық сотының үкімімен Сарсембаев С.С., Кудрин Ю.В., Бакаров Ж.Ш. айыпты деп танылып, 2,3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Бұдан басқа, ағымдағы жылдың наурыз айында іс жүзінде қарастыру үшін тұлғалар тобына қатысты сотқа 128 қылмыс құрайтын қылмыстық іс сотқа жолданған. Жетіқара аудандық сотының үкімімен айыпты тұлғалар 5-тен 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Бүгінгі күнде Экономикалық тергеу қызметі өзінің негізгі басымдылығын «көлеңкеден» заңсыз кірістерді шығару, мемлекеттің бюджетін толтыру, заңды айналысқа ақша қаражаттарын қайтаруға пәрменді шараларды қолдануға бағыттал,ан. Жұмыс осы бағытта жүргізілуде.
Қостанай облысы бойынша МКД
Экономикалық тергеу қызметі