Date of publication: 19.07.2022 15:10
Date of changing: 19.07.2022 15:13

2021 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау жүйесі кезең-кезеңімен енгізілде, ол мемлекеттік қызметшілерден, оларға теңестірілген тұлғалардан, сондай-ақ олардың жұбайларынан (зайыптарынан) басталады.

Декларацияларды табыс етуге қызығушылық білдіру мақсатында декларацияларды табыс етудің 2 мерзімі көзделген:

- 15 шілдеден кешіктірмей қағаз жеткізгіште;

- 15 қыркүйектен кешіктірмей электрондық түрде тапсыруға болады.

Декларациялау жүйесіне кірген кезде жеке тұлғының активтері мен міндеттемелері туралы бастапқы кіріс декларациясы 250-нысан ұсыылады.

Кейіннен 250.00-нысанын ұсынғаннан кейін жыл сайын 270.00-нысанының кірістері мен мүлкі туралы декларация ұсыылатын болады.

Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» (kgd.gov.kz) web-қосымшасы және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы электронды түрде толтырып, тапсыруға болады.

Декларацияны электронды түрде толтыру үшін Сіз «Салық төлеушінің кабинеті» қызметін және «e-Salyq Аzamat»  мобильді қосымшасын пайдалана аламыз.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы