
2021 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау жүйесі кезең-кезеңімен енгізілде, ол мемлекеттік қызметшілерден, оларға теңестірілген тұлғалардан, сондай-ақ олардың жұбайларынан (зайыптарынан) басталады.
Декларацияларды табыс етуге қызығушылық білдіру мақсатында декларацияларды табыс етудің 2 мерзімі көзделген:
- 15 шілдеден кешіктірмей қағаз жеткізгіште;
- 15 қыркүйектен кешіктірмей электрондық түрде тапсыруға болады.
Декларациялау жүйесіне кірген кезде жеке тұлғының активтері мен міндеттемелері туралы бастапқы кіріс декларациясы 250-нысан ұсыылады.
Кейіннен 250.00-нысанын ұсынғаннан кейін жыл сайын 270.00-нысанының кірістері мен мүлкі туралы декларация ұсыылатын болады.
Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» (kgd.gov.kz) web-қосымшасы және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы электронды түрде толтырып, тапсыруға болады.
Декларацияны электронды түрде толтыру үшін Сіз «Салық төлеушінің кабинеті» қызметін және «e-Salyq Аzamat» мобильді қосымшасын пайдалана аламыз.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы