Date of publication: 14.10.2016 18:32
Date of changing: 14.10.2016 19:16

Қостанай облысының салықтөлеушілерімен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі  Қаржы мониторингі комитетінің өкілдерінің жұмыс кездесуі

 

Ағымдағы жылғы 14 қазанда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қостанай қаласы бойынша МКБ ғимаратында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері Д.К. Сихимбековпен Д.Т. Мукушев қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаман түсіндіру, сондай-ақ хабарламаларды қабылдау бойынша жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесуге келесі қаржы мониторингі субъектілері қатысты:

  • лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
  • ломбардтар;
  • бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
  • жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар.

Кездесу барысында тақырыпқа қатысты слайдтар көрсетіліп салықтөлеушілердің қойылған барлық сұрақтарына барынша толық жауап берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша өкілдермен қаржы мониторинг  субъектілерінен 100-ге жуық хабарлама жиналды.