Date of publication: 30.11.2022 12:39
Date of changing: 30.11.2022 12:41

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңының (бұдан - Заң) 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзу мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қамтамасыз етiледi.
Бұл ретте, Заңның 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 Заңының 6 бабы 5 тармағына сәйкес жеке кәсiпкерлер мен ұйымдар мемлекеттiк тiлде және (немесе) орыс тiлiнде бухгалтерлiк есеп жүргiзудi және қаржылық есептiлiк жасауды қамтамасыз етедi.
Одан басқа, Мемлекеттік тізілімге енгізілген барлық БКМ модельдері техникалық талаптарға сәйкес және мемлекеттік тілге ауыстыру функциясы жұмыс жасайды.
Алдағы уақытта, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, заң бұзушылықтардың алдын алу, оған жол бермеу мақсатында және азаматтар тарапынан арызды болдырмау үшін сатып алушының талабы бойынша БКМ түбіртегін мемлекеттік тілде беру қажет.