Бизнесті жүргізу үшін қолайлы орта құру – мемлекеттік кірістер органдарының негізгі мақсаты
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында біздің еліміз тәуелсіз мемлекеттің қалыптасқан күніне 25 жыл – айтулы оқиғаны атап өтеді. Бұл өз кезегінде стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу жолдарын түзеуге және кейбір қорытындыларды жасауға мүмкіндік беретін меже.
Қазасқтанды дамытудың 2050 Стратегиясын басшылыққа ала отырып, біз дамыған экономика негізінде қазіргі заманғы қоғам қалыптастырамыз. Елбасы атап өткендей, мұндай экономика кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялық тартымдылық, бәсекелестік принциптарымен құрылуы тиіс. Көрсетіліп отырған қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында, мемлекеттік кірістер басқармасымен қызметтерді көрсету үрдістерін оңтайландыру бойынша шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру жолында мемлекеттік кірістер Комитеті дербес шоттарды біріктірді. Бұрын салық төлеуші салық органдарында салық төлеуші ретінде және сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысы ретінде кеден органдарында әр түрлі дербес шоттарға ие болған.
Ары қарайғы жақсарту негізіне талдау мен жинақтау жатқызылған, анықтамалық ақпаратты беру автоматтандырылды. Комитеттің ресми порталында анықтамалық ақпаратты алу үшін арнайы жұмыс кеңістігі құрылған. Сервис порталға кірушілерге сұрау салу арқылы, яғни анкеталық әдіс (онлайн-тест) арқылы қызықтыратын сұрақтарға жауаптар қалыптастырады.
Клиенттердің қанағаттану деңгейі – қабылданып отырған шаралардың тиімділігінің басты көрсеткіші. Мысалы, қазірдің өзінде жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу үшін алым алынып тасталды. Қосымша құн салығының төлеушісі ретінде тіркеу есебіне қою процедурасы қайта қаралды, ҚҚС-ның куәлігінің бланкісі электронды форматқа алмастырылды (ЖК куәлігін беруге ұқсас). Бюджетке салықтар мен міндетті төлемдер бойынша берешектің жоғы туралы анықтаманы міндетті түрде беру талабы алынып тасталды.
«Электрондық үкімет» төлем шлюзымен бірге, Банктермен салықтық және кедендік төлемдерді төлеу туралы ақпаратты онлайн режимде беру механизмі іске асырылды. Аталған өзара әрекеттестік төлемдер туралы ақпаратты салық төлеуші төлемді жүзеге асырғаннан кейін, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелеріне берудің мерзімін 2-3 жұмыс күнінен бірнешге минуттарға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Ақпараттарды онлайн режимде беру бюджетке төленген салықтық және кедендік төлемдерді жедел растау мақсатында, тауарларды жіберу барысында төлемді растайтын құжаттарды беру талабын алып тастау мақсатында, төлемдерді салық төлеушінің дербес шоттарына уақытылы және орнымен отырғызу мақсатында, және тиісінше мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету мақсатында жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта онлайн төлем режиміне 2 ірі Банктер қосылған, «Казпочта» АҚ (салықтық және кедендік төлемдер бойынша) және «Народный банк» АҚ (кедендік төлемдер бойынша), жақын арада «Цеснабанк» АҚ-мын және қалған Банктерді қосу жоспарлануда.
Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес барлық осы қадамдар мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеруге, мемлекеттік аппараттың халықпен ара қатынаста бір жақты-өктемдік принциптерден мемлекеттік қызметтерді тиімді жіне жедел көрсетуге бағытталған.
Кедендік әкімшілендіру саласында ҚР Президентінің «100 нақты қадам» ұлттық Жоспарда ұсынған реформалар жаһандық автоматтандырудың қозғаушысы ретінде табылды. Электрондық кедендік әкімшілендіруді енгізу комитеттің жүзеге асырып отырған 38 қадам – «Экспортерлер мен импортерлердің кедендік процедураларды өту барысындағы «бір терезе» принципін енгізудің, электрондық декларациялау жүйесін дамытудың, экспорт және импорт үшін құжаттардың санын және оларды өңдеудің уақытын қысқартудың» құраушы бөлігі болып табылады.
Осы қадамды жүзеге асыру шегінде мемлекеттік кірістер Комитеті БҰҰ-ның сауда және дамыту бойынша Конференциясымен бірге ASYCUDA жүйесінің негізінде «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесін қосуда. Ол әлемнің 95 елінде енгізілген, БСҰ,ЕО стандарттары мен нормаларына толықтай сәйкес келеді және Бүкіләлемдік банктің оң бағасын алды, оның ішінде Doing Business рейтингі бойынша.
Бұл ақпараттық жүйе жойылған Е-декларациялауды қалпына келтіруг мүмкіндік береді. Мысалы, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысы АҚШ-тарынан тауар алып келе жатса, ол кедендік декларацияны алдын ала жолдай алады. Тиісінше, МКК-нің ақпараттық жүйелері тәуекелдердің бар болуы туралы талдауды жүктің келуіне дейін жүргізеді. Тауар шекараға келгенде бөгеліссіз өтуге мүмкіндігі болады. Егер де тәуекелдер жүйесі сәйкессіздіктердің бары хабарласа, ол жүкке кедендік бақылаудың нысандары қолданылатын болады.
Атап өтетін жайт, қазіргі күні мемлекеттік кірістер органдарымен мемлекеттік қызметтің 53 түрі көрсетіледі, олардың 32-сі салықтық және 20-сы кедендік бағытта, тағы бір қызмет – қылмыстық құқықбұзушылық туралы ақпаратты қабылдау экономикалық тергеу Қызметімен көрсетіледі. Осы 53 қызметтің 34-і электронды нысанда көрсетіледі, оның ішінде 25-сі салықтық және 9-сы кедендік бағытта. Тағы 18 қызмет қағаздық формада көрсетіледі.
Барлық мемлекеттік қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің Бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен регламенттері жасалған.
2016 жылдың 9 айында мемлекеттік кірістер органдарымен барлығы 674,8 мың қызмет көрсетілген (2015 жылдың 9 айында – 254,2 мың, өсім 37,6% құрады), оның ішінде:
- электронды нысанда - 591,6 мың немесе 87,6 %
- қағаз тасушымен - 83,2 мың немесе 12,4 %
Салық төлеушілермен және СЭҚ қатысушыларымен байланысты азайту үшін Департаментпен қызметтерді электронды нысанға ауыстыру бойынша және мемлекеттік қызметтерді алудың ұқсас амалдарын беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Салықтық бағыттағы қызметтер Салық төлеушінің кабинеті және электрондық үкімет портплы арқылы қол жетімді.
Мемлекеттік кірістер органдарының жұмысын қоғам оң бағалайды, бұл өз кезегінде кері байланысты түзеуге мүмкіндік береді. Бір жылдан бері «көлеңкелі» экономиканың көрінісі туралы хабарламаларды 87710179900 нөмірімен WhatsАpp мобильдік қосымша арқылы қабылдайтын сервис қызмет істейді. Барлық хабарламалар тәуекелдерді басқару жүйесіне түседі және тек тексерістерді ғана емес, жедел-іздестіру қызметін бастауға әсер етеді.
Тәуекелдерді басқару жүйесі «көлеңкелі» бизнестің көрінісін анықтауға ғана емес, және бизнеске негізсіз араласуды болдырмауға мүмкіндік береді, яғни жүйе субъективтік шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.
Қорытындылай отыра, Қазасқтанды дамытудың 2050 Стратегиясын басшылыққа ала отырып, біз дамыған экономика негізінде қазіргі заманғы қоғам қалыптастыратынымызды атап өткім келеді. Елбасы атап өткендей, мұндай экономика кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялық тартымдылық, бәсекелестік принциптарымен құрылуы тиіс. Мемлекеттік кірістер органдарымен мемлекеттік қызметтерді алу үшін қолайлы жағдай жасауға, олардың бизнестің және халықтың барлық жіктеріне қол жетімділігін жүзеге асыруға, сонымен қатар салықтық және кедендік міндеттерді орындауға зор көңіл бөлінуде.
Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер Департаментінің
Басшысының орынбасары С. Ахметов