«Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізудің ерекшеліктері»
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды:
- Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізу кезінде салық төлеуші және (немесе) оның өкілі қатысады.
- Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізу үшін салық органдары зерттеп- тексерілетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша мәселелерді дербес айқындайды. Бұл ретте міндетті түрде мыналар:
- салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер. Салық органдарының қажет болғанда салық төлеушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізуге құқығы бар;
- ақшасының, ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптардың, есептердің, сметалардың, бағалы қағаздардың, есеп-қисаптардың, декларациялардың және зерттеп- тексерілетін салық салу объектілерімен және (немесе) салық салуға байланысты объектілерімен байланысты өзге де құжаттардың болуы;
- бақылау-касса машинасының фискалды есебі зерттеп-тексерілуге тиіс.
- Хронометраждық зерттеп-тексеруді жүргізу кезінде хронометраждық зерттеп- тексеру жүргізуші салық органдарының лауазымды адамдары күнделікті хронометраждық-бақылау картасына зерттеп-тексеру барысында алынған мәліметтердің толық және нақты енгізілуін қамтамасыз етуге тиіс. Әрбір салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге, сондай-ақ басқа да әрбір табыс алу көзіне бөлек хронометраждық-бақылау картасы жасалады, олар мынадай мәліметтерді:
- салық төлеушінің атауын, сәйкестендіру нөмірін және қызмет түрін;
- зерттеп-тексеруді жүргізу күнін;
- салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектісінің орналасқан жерін;
- хронометраждық зерттеп-тексерудің басталу және аяқталу уақытын;
- салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні, өткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын;
- зерттеп-тексерілетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша деректерді;
- зерттеп-тексеру нәтижелерін;
- басқа да деректерді қамтиды.
- Күнделікті зерттеп-тексеру жүргізілетін күн соңында барлық зерттеп-тексерілетін салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ басқа да әрбір табыс алу көздері бойынша жиынтық кесте жасалады.
- Хронометраждық-байқау картасы мен жиынтық кестеге салық органының лауазымды адамы және салық төлеуші немесе оның өкілі міндетті түрде қол қояды және ол хронометраждық зерттеп-тексеру актісіне қоса беріледі.
6. Салық төлеушілерді хронометраждық зерттеп-тексерудің нәтижелері кешенді немесе тақырыптық салықтық тексеру қорытындысы бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын есепке жазу кезінде ескеріледі.
Қостанай қаласы бойынша МКБ