«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жаңа жобасын дайындау және оны бизнес-қауымдастықпен талқылау бойынша іс-шаралар шеңберінде, ү.ж. 27 қаңтарында Қостанай облысы кәсіпкерлер Палатасында дөңгелек үстел өткізілді, онда Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы Еуразия экономикалық одағының кеден кодексін қабылдаумен байланысты әзірленетін ұлттық кодекстің жаңа жобасын таныстырды.
Өткен іс шара біздің облысымызда жаңа заңнаманы талқылаудың бастамасы ғана емес, сондай-ақ аймақтық Палата және облыстық мемлекеттік кірістер департаменті бірлесе бастаған бизнес-қауымдыстықты ЕАЭО кеден кодексінің ережелері және жаңашылдықтарымен таныстыру бойынша түсіндіру жұмыстарының жалғасы болып табылады.
Жаңа кодекстің өз жобасынан тыс, кездесуде оған қосымша Департамент мамандары дайындаған кедендік декларациялау кезінде туындайтын проблемалық мәселелер де талқыланды. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тарапынан тәуекелдерді басқару жүйесі, атап айтқанда құндық бейіндердің бірнеше рет әрекет етуі наразылық тудырды. Мәселе, әкелінетін тауардың кедендік құнының кедендік декларация деректер базасы негізіндегі Мемлекеттік кірістер комитеті бекіткен құндық индикаторлардан ауытқуы жағдайында.
Кәсіпкерлерді аймақтық Палата сарапшылары да қолдады, олар әрекет ету саны бойынша нақты межеден асыру жағдайында, халықаралық тәжірибеге сәйкес бейіннің әрекет ету саласын нақтылау қажеттігіне назар аударды.
Департаменттің мамандары әкелінетін тауар туралы мәліметтерді тауарларға арналған декларацияның 31-бағанына толығырақ енгізу және сыртқы экономикалық келісім шарт шеңберінде қолданылатын барлық құжаттамалық расталған сенімхаттарды кедендік декларацияға енгізу, тауарды шығару рәсімін «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 112-бабына сәйкес кедендік төлемдер және салықтарды қамтамасыз етуге қатысты пайдалану мүмкіндігі бойынша түсіндірмелер берді. Бұл ретте бұл жағдайда таураларды пайдалану бойынша шектеулер жоқ. Сонымен қатар, СЭҚ қатысушылары өз кезегінде, аталмыш шешімнің бір маңызды кемшілігі бар екенін – қосымша тексеру кезеңінде кәсіпорынның жеткілікті маңызды қаржысы тоқтатылатынын, осыған байланысты мәлімделген құнды растау үшін декларант ұсынған құжаттар бойынша шешім қабылдау үрдісін неғұрлым тездетуге ұсыныс білдірді.
Қостанай облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Талғат Арысбаев қатысушыларды кедендік құнды анықтау бойынша даудама мәселелер туындаған жағдайда СЭҚ қатысушыларын дербес түрде қабылдауға дайын екеніне сендірді.