
Электрондық құжатайналымының басымдылығы
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметінің басынан бастап іс-қағаздарды жүргізу саласында автоматтандыру айтарлықтай масштабты сипатқа ие. Барлық келіп түсетін және шығыс хат-хабар, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің белгілі бір санаты Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінің (ЭҚАБЖ) ақпараттық деркетер базасында, ол қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдарда жұмыс істейді. Қолданыстағы жүйені пайдалану жалпы құжатайналымының сапасына және тиімділігіне тікей әсер етеді. Жүйе тұрақты түрде әр құжатқа мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді: орындаушылар бойынша қарау процессі, қаралу мерзімдерін, бақылауға қою және алуды қарау.
Ститистикалық деректерге сәйкес күніне Департамент кеңсесінің қызметкерлері шамамен 300-350 құжат өндейді, 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы құжаттардың ұлғаюы, сонымен қатар өтініштердің көлемі мемлекеттік қызмет көрсету санатына ауысу есебінен азаюы байқалады.
ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы органдарымен өзара әрекет етуді атап өткен жө. А.ж. 1-тоқсанында бейне конференция байланысы нысанында прокуратура өкілдерінің, Мемлекеттік кірістер департаменті басшыларының сондай-ақ іс-қағаздарын жүргізуге жауапты жеке құрамының қатысуымен кеңейтілген жиналыс өткізілді.
Жиналыста нормативтік сипаттағы, техникалық өзара әрекет ету, проблемалық мәселелер, өтініштерді, шағымдарды, сұрау салуларды өндеу сапасын арттыру талқыланды.
Жүйенің басымдылығы бар, қолмен санау, қағаз есептерін құруға және тапсыруға, жекелеген журналдарды жүргізуге қажеттілігі жоқ.
Автоматтандыру үрдісі жалғасуда, жедел статистикалық есеп жүйесі жетілдірілуде. Біздің міндетіміз осы бағытта қызметкерлердің біліктілігін арттыру , өтініштерді қараған кезде және мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде бұзушылықтарға жол бермеу.
Ұйымдастыру-қаржы басқармасы
Ұйымдастыру бөлімі