«Мүлікті жария ету»
2014 жылғы 11 сәуірдегі Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес Қаржы министрлігі Ұлттық Банкпен және басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасының Президенті 2014 жылғы 30 маусымда қол қойған «Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Заңы әзірленді және 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.
Мүлікті жария ету - табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі. Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталды және 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
Баспа шығарылған заңда жария етуге тиіс мүліктің тізбесі анық жазылады. Оның ішіне: ақша, құнды қағаздар, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдағы қатысу үлесі, жылжымайтын мүлік, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетін Қазақстанның аумағындағы ғимараттар, сонымен қатар республиканың аумағынан тыс жылжымайтын мүлік кіреді.
Алайда, көрсетілгеннің барлығы жария етілуге мүмкін емес. Ол құқыққа, адамның бостандығына қарсы жасалған қылмыстар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыстар, сонымен қатар жалған ақша, құнды қағаздар мен құжаттарды заңсыз жасау нәтижесінде алынған мүлік және ақша жатады.
Жария етуге, сондай-ақ, құқығы сот тәртібінде немесе заңды түрде дауланып жатқан мүлік жария етуге жатпайды. Оған, сондай-ақ, несие ретінде алынған ақша, мемлекеттің пайдасына тапсыруға тиіс мүлік, құрылысының аяқталуы бюджеттік қаражаттың есебінен іске асырылатын жылжымайтын мүлік объектілеріндегі тұрғын және тұрғын емес үй – жайлар жатады.
Жария ету субъектілері арнайы декларацияны мемлекеттік кіріс органына:
1) келу тәртібімен;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынуға құқылы.
Арнайы декларацияны тапсыру тәсіліне қарай:
1) келу тәртібімен - мемлекеттік кіріс органы арнайы декларацияны алған күн;
2) пошта арқылы - мемлекеттік кіріс органының пошталық хат-хабарды қабылдағаны туралы белгі қойылған күн мемлекеттік кіріс органына ұсынған күн болып табылады.
Арнайы декларацияның нысанын, оның ішінде онда көрсетілуге жататын мәліметтерді, оны толтыру тәртібін салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылық етуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілейді.
Бұл ретте жария ету субъектісі осы Заңда белгіленген арнайы декларацияны тапсыру тәртібін, шарттарын және мерзімдерін, сондай-ақ жария етілетін мүлікке қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда мемлекеттік кіріс органы себебін көрсете отырып, арнайы декларацияны қабылдаудан жазбаша бас тартуды арнайы декларацияны тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.
Мемлекеттік кіріс органы жария ету субъектісіне жазбаша бас тартуды жібермеген жағдайда арнайы декларация қабылданған деп есептеледі.
Өзінің мүлкі мен ақшасын жария етуді қалаған барлық адамдар олардың сақталуына және табыс салығын салуды ықтимал деп алаңдамауларына болады. Олар табыс ретінде көзделмейтіні, ал ақша өз кезегінде депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалғаны Заңмен әлде қайда қарастырылған.
Сонымен қатар, адамдарды әкімшілік немесе қылмыстық тәртіпте қудалау үшін мемлекеттік органдарынан және лауазымдық адамдардан алынған ақпаратқа қатысты маңызды кепіл Заңмен көзделгеніне назар аудару керек.
Қостанай қаласы бойынша МКБ