Date of publication: 01.08.2016 17:15
Date of changing: 01.08.2016 17:39

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің түрлері

 

         Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан-2050 Мемлекеттің жаңа саяси курсы» және «Қазақстан жолы – 2050» Стратегиясы» арналған жолдауында тәуелсіздіктің, еркіндік пен демократияның негізінде мемлекет және қоғам болудың маңызды тарихи кезеңінің ойдағыдай аяқталғанын атап өтті.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясының мақсатына қол жеткізу тек сыбайлас жемқорлықпен күрес арқылы мүмкін. Елбасы айтқандай: «Мемлекет және қоғам сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсы  шығу қажет. Сыбайлас жемқорлық-жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігі сенімін бұзады және де ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп болып табылады».

         Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманғы Қазақстанда пайда болды деп айтуға келмейді, өйткені мемлекеттік қанша бар болса, сонша ол да бар, тек әр түрлі күйде болған.

         Сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрі өзіне тиесілі емес ресурстарды қолдану мүмкіндігі бар адамның болуын жорамалдайды. Егер бұл адам мемлекеттік қызметші болатын болса, онда біз мемлекеттік сыбайлас жемқорлықпен жұмыс жасаймыз.          Сыбайлас жемқорлықтың негізгі үш түрін атап өтсек:

Бірінші- саяси. Шенеунік пайда болған рулық, туыстық қатынастардың әсерінен заңмен қайшылыққа түседі.

Екінші түрі қылмыстық қызметпен байланысты және ол лауазымды тұлғаларға сыйақы беру арқылы  заңсыз қызметтер көрсету.

Үшінші түрі тараптың біріне қолайлы жағдай туғызу үшін белгілі бір сәйкес санатты лауазымды тұлғаларды қылмыстық қызметке қасақана тартуды жорамалдайды.

Қазақстандасыбайлас жемқорлыққ қарсы іс-қимыл жаусаудың тәжірбиесі бар. Қылмыстық кодексте сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түрлері анықталған. Олар: пара беру, пара алу, парақорлықта делдалдылық жасау, қызметтік өкілеттілігін теріс пайдалану, қызметтік жасанды іс, сондай-ақ басқа да қылмыстар.

Жоғарыда аталған сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша маңызды рөлді заңдылық жауапкершіліктің механизмі атқарады (қылмыстық, әкімшілік).

 

       

Қостанай қаласы бойынша МКБ