Жарияланған күні: 12.08.2015 16:47
Өзгертілген күні: 12.08.2015 16:48

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2015 жылғы 12 тамыздан бастап 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім-шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы Келісім-шарты күшіне енгенін хабарлайды. Қырғызстан Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресеймен қатар Одақтың тең құқылы мүшесі атанды.

Аталмыш Келісім-шартқа сәйкес қырғыз-қазақстандық мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін тауарлар және көлік құралдарына кедендік бақылау жойылды.

ЕАЭҚ туралы Келісім-шарттың шарттары және ауыспалы ережелері туралы хаттамада Келісімнің күшке енген күніне ЕАЭҚ мүше елдерінің аумағындағы, Қырғыз Республикасының аумағынан әкелінген, жеке пайдалану және халықаралық тасымалдау үшін көлік құралы мәртебесіндегі қырғыз көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылады.