Жарияланған күні: 05.11.2020 11:46
Өзгертілген күні: 05.11.2020 11:48

2020 жылғы 2 қарашада Мемлекеттік кірістер департаменті Әділет департаментінің басшылығымен және жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасымен бірлескен, жеке тұлғалардан салық берешегін өндіріп алу бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының жеке сот орындаушыларымен өзара іс-қимылы туралы жұмыс кеңесі өткізілді.

Жұмыс кеңесі барысында салық берешегін әкімшілендіру және оны өндіріп алуды қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Толық шаралар кешенін күшейту және қабылдау мақсатында жеке тұлғалардан салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алудың проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды.

 

Өндірістік емес төлемдер басқармасы