
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын әдеп жөніндегі уәкіл Журсиналин Арман мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық басқармаларының басшыларымен кеңес өткізді.
Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң мемлекеттік қызметшілерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатын тұлғалардың отбасы мүшелеріне материалдық сыйақылар, сыйлықтар немесе қызметтер алуға тыйым салатынын еске салды.
Сондай-ақ қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттарына және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары туралы айтты.
Әдеп мәселелері бойынша Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлеріне мына: Қостанай қ., Майлин к-сі 2а, 207 каб мекен-жайға хабарласуға болады.