Жарияланған күні: 12.12.2022 17:13
Өзгертілген күні: 12.12.2022 17:14

2003 жылы біріккен ұлттар ұйымы
резолюциясымен" 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні " деп жарияланды және жыл сайын атап өтіледі. Бұл ретте еліміздің барлық өңірлерінде осы тақырыпта түрлі іс-шаралар өткізіледі. Меңдіқара ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы "Аманат" партиясының алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бойынша дөңгелек үстел өткізді. Басқарма басшысы А. Г. Колобаев дөңгелек үстелге қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы өткізілетін іс-шаралар туралы таныстырды.