Жарияланған күні: 03.02.2016 10:02
Өзгертілген күні: 03.02.2016 10:06

2016 жылдың 26 қаңтарында Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасарымен Жітіқара ауданы әкімінің қатысуымен аудандық БАҚ журналистерімен:

«2015 жылдың Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қызметінің нәтижелері. 2016 жылға арналған негізгі тапсырмалар» атты брифингі өткізілді.

2015 жылдың нәтижелері бойынша жергілікті бюджет жоспары – 1751,7 млн. теңге, бюджетке 1809,1 млн. теңге түсті немесе 103,3  % орындалуы, 57,4 млн.теңгеге өсуі, соның ішінде аудандық 100,9 % орындалу немесе 14,5 млн. теңгеге өсуі.

Өткен жылмен салыстырғанда ЖБ түсімдер 147,1 млн.теңгеге өсті  (облыстық бюджет бойынша 41,8 млн.теңгеге өсу, аудандық бюджет бойынша өсу 105,3 млн.теңге) – деп хабарлады Жітіқара ауданы бойынша МКБ басшысының орынбасары Е.Т. Ермұхамедов.

Сондай-ақ, Жітіқара ауданы бойынша МКБ басшысының орынбасары жергілікті бюджеттің тұтас орындалуына қарамастан, жергілікті бюджетке түсімдер түсуінің – жеке тұлғалардан (көлік, мүлік, жер) жергілікті салықтарды бақылау мен әкімшілендіру ең басты тапсырмаларының бірі болып табылады деп қосып айтты.

Ол Жітіқара ауданы әкімдіктерінің ҚР Салық Кодексінің 24 бабының орындалу бағытында жаппай жұмыс істеуін сұрады, және де жергілікті өзін-өзі басқару заңнамасының өзгеруіне байланысты аталған салықтар кірістің негізгі дереккөзі болып табылады, - деп қоса мәлімдеді.

2016 жылдың нәтижелерін ескеріп, барлық БСК бойынша жоспардың орындалуын қамсыздандырумен түсімдер жоспарын сөзсіз орындау, салық берешегін азайту, қосымша резервтер мен салық қызметтерін атқару сапасы бойынша тиісті жұмысты қамтамасыз ету, және де салық төлеушілер арасында салық сауаттылығын арттыру бағытындағы жоспар-тапсырманы ұйымдастыру мен орындау атты 2016 жылға арналған Басқарманың негізгі мақсаттарын Е.Т. Ермұхамедов хабарлады.

Жітіқара ауданы бойынша МКБ басшысы орынбасарының сөзі соңында қатысқан журналистер мен жергілікті БАҚ журналистері бюджеттің орындалуы, салықтарды әкімшілендіруге қатысты сұрақтар қойып, оларға мінсіз жауаптар алынды.