2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей Федерациясына тауарларды әкелуге тыйым салуға қатысты СЭҚ қатысушыларының назарына
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ресей ФКҚ 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №01-07/64818 хатынына сәйкес, Ресей Федерациясы Үкіметінің 2014 жылғы 7 тамыздағы №778 қаулысымен шығарылған ел Украина болып табылатын ауыл шаруашылғы өнімдерін, шикізат және азық-түлік тауарларына Ресей Федерациясының аумағына әкелуге тыйым салу енгізілгені туралы хабарлайды.
Сонымен бірге, Украинадан келген тауарлардың алушы елі Ресей Федерациясы болса, межелі мемлекет Ресей Федерациясы болған кезде Кеден одағының аумағына оларды әкелген жағдайда, Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды тұлғалары тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен шығарудан бас тарту ресімделеді.
Кедендік транзит кедендік рәсімімен тауарларды орналастырудан бас тарту үшін негіздеме ретінде «КО КК 216-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарды орындамау» көрсету қажет.