
Мәселен, 1-кезеңде (01.01.2021 жылдан бастап) декларацияларды мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (депутаттар, Ұлттық банк қызметкерлері, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшылары) тапсырды.
Осылайша, 1 кезеңде 25 мыңға жуық жеке тұлға өз активтері мен кірістерін декларациялады.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кіру 2 кезеңді қамтиды - бұл мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, ветеринария және т. б) және олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар) және олардың жұбайлары.
Осылайша, 2023 жылы Қостанай облысында алғаш рет 85 мыңнан астам мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары активтері мен міндеттемелері туралы бастапқы декларация (250.00 нысаны) тапсырады.
Бастапқы декларацияда жеке тұлғалар Қазақстаннан тыс жерлерде мүлік пен активтерді, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін, құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша жылжымайтын мүлік құрылысындағы үлесті, инвестициялық алтынды, бағалы қағаздарды, пайларды, кредиторлық және дебиторлық берешекті, сондай - ақ АЕК мөлшерінің 10 000 еселенген шегінен аспайтын сомадағы қолма-қол ақша (30 630 0000 теңге ) көрсетуге тиіс.
Бұл ретте заңнамада 10 000 АЕК астам қолма-қол ақшаны сақтауға тыйым салу көзделмеген. Осыған байланысты жеке тұлғалар ақшаны қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз нысанда сақтау тәсілін, сондай-ақ олардың сомасын дербес шешуге құқылы.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларация тұрғылықты (болу) жері бойынша, қағаз жеткізгіште - 2023 жылғы 15 шілдеден кешіктірілмей, электрондық түрде - 2023 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірілмей ұсынылады.
Декларацияны электрондық түрде (cabinet.salyk.kz) «Салық төлеушінің кабинеті» мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы, (egov.kz) «электрондық үкімет» порталы, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы тапсыруға болады.
Туындаған мәселелер бойынша тұрғылықты жері бойынша МКБ, 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығына (қосымша 3) немесе Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 53-49-51, 53-58-71 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.